ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Сырым ауданының әкімі лауазымына Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы тағайындалды.
Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы - 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «қаржы және несие», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тамамдаған.
Әр жылдары:
– Сырым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы;
– Батыс Қазақстан облысы көлік және коммуникациялар басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
– Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бөлім басшысы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім басшысы;
– «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамында департамент директоры болып жұмыс жасады.
2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.