21.05.2025, 17:30
Оқылды: 565

Сырым ауданындағы үш ауылдық округте жаңа әкім тағайындалды 

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов сайлауда жеңіске жеткен Бұлан, Жосалы ауылдық округтерінің жаңа әкімдерін ұжымдарына, ауылдастарына таныстырды. 
PHOTO-2025-05-21-11-59-18
Айта кетейік, 18 мамыр күні өткен сайлауда Айдарбек Көлбаев Бұлан ауылдық округінің әкімі болып, ал Сәкен Мұса Жосалы ауылдық округіне әкім ретінде сайланған еді. Сарой ауылдық округіндегі әкім сайлауында халықтың басым дауысымен Нұрбек Мырзағалиев жеңіске жетті.
PHOTO-2025-05-21-11-59-15
Жұмагелді Батырниязов жас әріптестерін жеңістерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің мәртебелі биігі - әкімдік лауазымды абыроймен алып жүруге тілектестік білдірді.
PHOTO-2025-05-21-11-59-11
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасанов округтің жаңа басшыларына куәліктерін тапсырды.
Б. Шерім, 
Суреттер Сырым ауданы әкімдігінен алынды
PHOTO-2025-05-21-11-59-10
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале