11.07.2025, 15:15
Оқылды: 105

«Сырым» бекетінде ветеринариялық бақылау бойынша симуляциялық оқу-жаттығу өтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына қарасты «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде мемлекеттік шекарада ветеринариялық бақылау жүргізу тәртібін пысықтау мақсатында симуляциялық оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_11_a5bdb50b4a9e46a36ddc9cf34a06cad8_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Тренингтің негізгі мақсаты – қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдана отырып, импорт, экспорт және транзит рәсімдері кезінде бақылау және қадағалау қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіру.

Іс-шараға облыстық аумақтық инспекция қызметкерлері, шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің мамандары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында ветеринариялық бақылаудың барлық кезеңдері егжей-тегжейлі көрсетілді: бақылауға жататын жүктері бар көлік құралдарының кіру және шығу тәртібі түсіндірілді, автокөлікке арналған өту талондарын қолдану арқылы шекарадан өткізу рәсімі көрсетілді, ҚР «Ветеринария туралы» Заңы мен Еуразиялық экономикалық комиссияның №317 шешіміне сәйкес құжаттық бақылау кезеңдері, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар бейнетіркеуіш құралдарын пайдалана отырып жүргізетін физикалық тексеру тәртібі пысықталды.

Назар негізінен ілеспе құжаттарды тексеруге, тасымалдау кезінде техникалық регламенттердің сақталуына, өнімнің бүліну белгілері, қаптаманың бүлінуі, таңбалаудың болмауы немесе бөгде иістің анықталуы жағдайларындағы әрекеттерге аударылды. Мұндай жағдайларда зертханалық талдау үшін сынамалар алынады. Бұл жұмыс ағымдағы бақылау және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік мониторинг аясында жүргізіледі.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ветеринариялық қызмет пен Шекара қызметі мамандарының шекара арқылы өтетін бақылауға жататын өнімдерге байланысты қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге жоғары дайындық деңгейі расталды.

Айта кету керек, 2025 жылдың басынан бері «Сырым» бекетінде ет және сүт өнімдерінен 108 сынама алынған. Ветеринариялық заңнаманы бұзудың 133 дерегі анықталып, 133 автокөлік кері қайтарылды. 78 әкімшілік хаттама толтырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале