Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Сырым аудандық Мұқадес Есламғалиұлы атындағы орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен "Қазақстанның Тәуелсіздігі – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында оқырман конференциясы өтті.
Шараға әр салада қызмет атқарып жүрген Тәуелсіздік құрдастарымен қатар 30 жыл отасқан Хұсайновтар отбасы, бір салада еңбек еткеніне 30 жыл толған мамандық иесі Гаухар Хамидуллина арнайы қатысты. Шақырылған қонақтар әдемі естеліктері мен бөлісіп, сыр шертті.
- Тәуелсіздіктің құрдасы болғанымызға құр мақтану жеткіліксіз. Ел үшін, туған жер үшін пайдалы болып, біліктілікпен жұмыс жасай білуіміз керек. Біздің мойнымызға артылған жауапкершіліктің жүгі жеңіл емес, - деді аудандық аурухананың хирург дәрігері Қасым Бисенғалиев.
Шара соңында, жас мамандарға сөз кезегі беріліп, қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы