6.09.2023, 9:15
Оқылды: 50

Сырымдағы атыс: жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

Осыған дейін кеше кешкісін Сырым ауданына қарасты Аралтөбе ауылында аңшы мылтығынан оқ атылып, үш адам зардап шеккенін жазған едік. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы жарақат алғандардың жағдайы туралы мәлімдеді.

84AEAD21-2811-4C1B-BA97-BDF097B1473A

Сурет Ult.kz сайтынан алынды

«Сырым аудандық ауруханасына атыс қаруынан жарақат алған 1989 жылы туған ер адам, патронның жарықшағы тиген 1964 жылы туған әйел және 2021 жылы туған қыз бала жеткізілді.

Қазіргі уақытта 1989 жылы туған азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ауруханада емделуден бас тартты. Ал әйел адамның жағдайы қалыпты. Аудандық ауруханаға жатқызылды, дәрігерлердің қадағалауында. Кішкентай қыз баланың жағдайы қалыпты. Анасымен бірге ШЖҚ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК-ге жолданды», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале