Дәл қазір Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов БАҚ өкілдерімен кездесуде.
Арқанды саябақта өтіп жатқан кездесуде журналистер көкейлерін мазалаған сұрақтарын қоюда.
Басқосуда қаладағы құрылыс, жол салу, шаһар тазалығы, алдағы міндеттер мен жоспарлар туралы сауалдар қойылуда.
Журналистерді толғандырған сауалдың бірі Зашаған шағын ауданындағы ауыз су мен ыстық судың жиі айырылуы болды.
- Зачаган кентіндегі Мөңкеұлы көшесіндегі құбырларды жөндеу жұмыс аяқтала келді. Құбырлардың әбден тозығы жеткен. Дәл осы көшедегі екі үш үйдің маңында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мердігер "Наурыз" компаниясы жөндеуді қыркүйектің 15-не дейін аяқтауы тиіс. Сонымен қатар шағын аудандағы бірқатар аулаларға балаларға ойын алаңын да салып береді, - деп жауап берді қала әкімі.
zhaikpress.kz