9.08.2024, 12:45
Оқылды: 120

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали (80 келі) 2024 жылғы Олимпиада ойындарының  іріктеу айналымын сәтті  бастады, деп жазады Olympic.kz.

51D9BA96-8A4F-41AB-95C0-45D09B9FAEA5

Фото: Сали Сабиров / Olympic.kz

Алғашқы айналымда Батырхан малилік Исмаил Кулибалимен кездескен болатын.

Қазақстандық спортшы алғашқы раундта 5:4 есебімен жеңді. Екінші раундта 1:1 есебі тіркелгенімен, басымдық бойынша жеңіс Кулибалиге берілді.

Кездесу тағдыры үшінші раундта шешіліп, қазақстандық спортшы 2:1 есебімен жеңді.

Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты. Келесі қарсыласы – италиялық спортшы,  екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессио.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале