18.11.2021, 11:10
Оқылды: 22

Тағы 26 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

5

Оған сәйкес, 16 қараша күні Қазақстан аумағында 23 адам - коронавирустан, тағы 3 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Шымкент қаласында - 4 науқас.

Алматы қаласы мен Павлодар облысында - 3, Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Ақтөбе облыстарында - 2, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Тек Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале