25.11.2021, 16:46
Оқылды: 31

Тағы бір ел Қытайда Олимпиада өткізуге бойкот жариялауы мүмкін

Аустралия Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына өкілдерін жіберуден бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

photo_90316

Биліктегі Ұлттық либералдық коалиция мен Лейбористік партия саясаткерлері федерал үкіметті келесі жылы өтетін Олимпиадаға бойкот жариялауға шақырды.

"Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Аустралияны таныстыру туралы шешім әлі қабылданған жоқ", - деді спорт министрінің баспасөз хатшысы Ричард Колбек.

Олимпиадаға дипломатиялық бойкот кезінде болжам бойынша, оған арнайы өкілдер бармайды, бірақ спортшылар қатыса алады. Аустралия парламенті дипломатиялық бойкотқа қосылмас бұрын АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің шешімін күтіп отыр.

Бұған дейін АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын президент Джо Байден растаған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале