"Ақ бидай-2025" ауыл спорты аясындағы қазақ күресі бәсекелері аяқталды.

Екі күнге созылған палуандар додасының шешуші күнінде 74 келіде белдескен Тайман Нұрғалиев финалға жетті. Ақтық сынға дейін Маңғыстау, Түркістан, Абай облысының палуандарын алып ұрған Тайман финалда қарағандылық спортшымен белдесті.
Кескілескен белдесу барысында екі мәрте қарсыласын жартылай жеңіс ұпайына қойған Тайман ауыл спорты ойындарының чемпионы атанды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
Фото: Мейірбек Тажқұранов