Жұма күні таңертең Тайвань аралының маңында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығы хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.
Сурет: pixabay.com
Оның мәліметінше, 16 тамыз күні сағат 07:35-те Тайваньдағы Хуалянь округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің координаттары - 23,74 с.е. 121,95 ш.б. Тереңдігі – 16 км.
Жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында да сезілді. Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат түспеген.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, алдын ала болжамға сәйкес, Тайваньның шығыс бөлігі жер сілкінісі қаупі басым аймақ болғандықтан, алдағы үш күнде 5,5 балдық жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін.