24.05.2017, 17:59
Оқылды: 70

Талдықорғанда өткен айтыста оралдық ақын бас жүлдені жеңіп алды

Muradim aitis     Талдықорғанда «Рухани жаңғыруға, жастық жігермен» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Жыр додасында батыс қазақстандық ақындардың асығы алшысынан түсіп, бас жүлдені және бірінші орынды жеңіп алды.


     Оралдық ақын Мұрадым Мирланов бас жүлдені қанжығалады. Жеңімпазға 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Бірінші орын   батыс қазақстандық Талғат Мықиға бұйырды. Ал екінші орын  қос ақын - Жетісулық Жалғас Сыдыққа және Жамбыл облысының намысын қорғаған  Əсет Дүйсебайға  бұйырды. Үшінші орынды  сегізінші сынып оқушысы, астаналық Диас Төлепберген  жеңіп алды.

      Барлық қатысушылар жүлдесіз қалмады. Ынталандыру ретінде ақындардың әр қайсысына 75 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді.

     Жалпы бүгінгі додаға   республикамыздың 10 өңірінен үздік жас ақындар қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласы аясында ұйымдастырылған  сайыстың мақсаты -  жастар арасында ұлттық өнердің аясын кеңейту.  Айтысқа  Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсенғазы, Сара Тоқтамысова сынды айтыскерлер төрелік  етті.

Самал Қабышева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале