Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанындағы тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуге «Өңірдің тұрақты дамуын басқару. Өңірлік басқарудағы әлеуметтік зерттеулер» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтуші мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қатысты.
Іс-шараның мақсаты кадрларды қолдау, олардың басқару дағдыларын дамыту, кәсіби дағдыларын арттыруға ықпал ету болып табылады.Отырыста Департамент басшысы Мұрат Байсалов мемлекеттік органдардағы қызметкерлер арасындағы тәлімгерліктің және өзара көмектің маңыздылығын атап өтеді. Ол тәлімгерлердің қолдауы кадрларға өз міндеттерін жылдам игеруге және басшылық міндеттерін ұтымды үйлестіруге көмектесетінін атап өтті.
Отырыс барысында тәлімгерлер өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісіп, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді жұмыс істеудің негізгі қағидалары мен этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерді орындауда уақытты тиімді ұйымдастыру, әріптестермен өзара іс-қимыл жасау және қызметтік тапсырмаларды орындаудағы, оларды басқару мен ұйымдастырудағы, сонымен қатар, өңірдің тұрақты дамуын басқару бағытындағы тиімділікті арттыру бойынша практикалық кеңестер, сондай-ақ, инвестиция тарту мәселелері бойынша тиісті ақпараттар берілді.

Тәлімгерлер мемлекеттік құрылымдардағы мансаптық табыс тек кәсіби білімге ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік, коммуникативтілік және өзін-өзі дамытуға ұмтылу сияқты жеке қасиеттерге де байланысты екенін атап өтті.
Отырыс соңында Мұрат Байсалов мемлекеттік қызметшілерге басшылық лауазымдағы қызметтерінде сәттілік тілеп, тәлімгерлердің олардың дамуы мен мансаптық өсуінде маңызды рөл атқаратынына сенім білдіретіндігін атап өтті.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті