19.12.2022, 17:00
Оқылды: 58

Тәліптер 100-ден астам әйел мен ер адамға көпшілік алдында дүре соққан - БҰҰ

БҰҰ сарапшылары Ауғанстандағы қазіргі биліктің жария түрде өлім жазасына кесу және дүре соғу жағдайларының жиілеуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

IMG-20221219-WA0017

Халықаралық ұйымның мәліметінше, тек соңғы айдың өзінде тәліптер 100-ден астам әйел мен ер адамға дүре соққан. Мұндай жағдайлар бірнеше провинцияда, соның ішінде Тахар, Логар, Лагман, Парван және Кабулда болған. Ұрлық үшін, «заңсыз» қарым-қатынас немесе әлеуметтік мінез-құлық нормаларын бұзғаны үшін «кінәлі» адамдарды көпшілік алдында қамшымен сабаған. Стадиондарда шенеуніктер мен қоғам өкілдерінің көзінше дүре соққан. 2022 жылы 7 желтоқсанда елдің батысында орналасқан Фарах қаласында тәліптер бір ер адамды көпшілік алдында өлім жазасына кесті. Бұл – 2021 жылдың тамызында тәліптер билікті басып алғаннан кейінгі алғашқы жария түрде жасалған өлім жазасы. Сотталушы бес жыл бұрын тағы бір адамды пышақтап өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Сотталған адамды өлім жазасына жәбірленушінің әкесі кескен.

«Біз қазіргі билік органдарын өлім жазасына дереу мораторий енгізуге, азаптауды немесе басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын жазалау түрі дүре соғуға және басқа да физикалық жазаларға тыйым салуға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес әділ сот талқылауы мен тиісті құқықтық процедураға кепілдік беруге шақырамыз», – делінген БҰҰ құқық қорғаушыларының мәлімдемесінде.

Онда әр адамның уақыты мен тұрғылықты жеріне қарамастан қадір-қасиет пен құрметке құқығы бар екендігі баса айтылған.

Photo:news.un.org

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале