6.09.2022, 9:00
Оқылды: 57

Тамағы орақпен бастырылған "вампир әйелдің" сүйегі табылды

Польшада археологтар XVII ғасырда "вампир" деп есептеген әйелдің сүйегін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

12

Әйелдің сүйегі Торунь қаласы маңындағы Пьен ауылында көне зираттағы қазба жұмыстары кезінде табылды. Әйелдің тамақ тұсы орақпен жерге қысылған, ал аяғының саусағына құлып салынған. Ғалымдардың сөзінше, тұрғындар сол кездері "вампир әйел" қайта тіріледі деп қорыққандықтан, осындай әдіспен жерлеген.

"Орақты өлген адам орнынан тұрғысы келгенде басын кесіп кететіндей етіп орналастырған", – деді археологиялық топтың жетекшісі Дариуш Полински.

Ғалым аяғындағы құлып тірілер әлеміне қайта оралу мүмкін емес екенін білдіруі мүмкін екенін айтады.

Сонымен қатар марқұмның басында жібек бас киім болған. Бұл оның әлеуметтік мәртебесінің жоғары болғанын білдіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале