Желіде Талдықорғанда Ақбастау көшесіндегі жеке үйлердің бірінде екі адамның қаза тапқаны туралы жазып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сурет: pixabay
Krisp.tdk Instagram-парақшасы қаза тапқандардың тамағы кесілгенін жазды.
Қалалық полиция бұл ақпаратты растады, бірақ ашып ештеңе айтпады.
"Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.