3.04.2025, 17:45
Оқылды: 48

Тамақты несиеге алу дұрыс па?

Қаржы сарапшысы Гүлнұр Нұрланқызы азық-түлікті "каспи редке" алатындар туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

жп продукт (1)

"Азық-түлікті "каспи редке"алған дұрыс па, әлде бұрыс па дейтін жағдайға келсек, бұл қате. Себебі азық-түлікке, яғни адамға керекті ең басты қажеттілікке табысымыз жеткілікті болуы керек. Егер күнделікті тұтынатын тамағымызға ақша жетпей жатса, демек бірдеңе дұрыс емес деген сөз. Бұл жерде жұмыс ауыстыруды не болмаса қосымша жұмыс табуды, я болмаса қазіргі біліміңіз көп табыс табуға жеткілікті болмаса, онда білім алу керек, жаңа машық, қабілет қалыптастыру керек. Қалай да табысты көтерудің жолын табу керек. Инфантильдік қарым-қатынаспен "маған Үкімет беруі керек еді, сол жұмысын істемей жатыр, жолымды байлап отыр" деген түсінік - кішкентай баланың ұстанымы", - дейді Нұргүл Нұрланқызы.

Өйткені кішкентай балалар тек қажеттілігін ғана айтып, үлкендердің әкеліп бергенін күтіп отырады.

"Біз ересек адам ретінде өміріміз үшін өзіміз жауап беріп, табыс табудың жолдарын жасауымыз қажет. "Бұл қалыпты жағдай, маған банк осындай мүмкіндік беріп отыр" деп, қанағат тұтып жүре бермеу қажет. Бұл қате", - деп айтты сарапшы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале