27.12.2021, 17:15
Оқылды: 30

Тамақтың дәмін бере алатын теледидар ойлап табылды

Токиодағы Мэйджи университетінің жапон ғалымы Хомей Мишият бір топ студенттермен бірге бұрын соңды болмаған теледидар экранының прототипін жасады. Теледидар тағамның дәмін экран арқылы бере алады, бұл сенсорлық қабылдауды күшейте түсудің тағы бір қадамы. Құрылғы Taste the TV деп аталады (теледидардың дәмін татыңыз). Бұл туралы Guardian басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full16405816907a1f889ea489ea44c086f4dcb782c947

Құрылғының ішіне әртүрлі тағамның дәмін беретін қоспалар салынған он контейнер бар. Содан кейін тағамның дәмін көрермен теледидардың жалпақ экранындағы гигиеналық пленка арқылы тата алады.

Мияшита коронавирустық пандемия дәуірінде мұндай технологиялар адамдардың сыртқы әлеммен байланысы мен өзара әрекеттесуін жақсарта алатынына сенімді. Оның айтуынша, бұл құрылғыны ойлап табудағы мақсат – адамдарға өз үйінен әлемнің екінші жағындағы мейрамханада тамақ ішуге мүмкіндік беру.

Мэйджи университетінің студенті, 22 жастағы Юки Хоу журналистерге құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, экранға шоколадтың дәмін татқысы келетінін айтты. Автоматтандырылған дауыс команданы қайталап, қоспаның дәмін пленкаға шашыратады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале