Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ДБ-ның әлеуметтік саладағы ынтымақтастығы, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, жастардың білігін арттыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін мобилді фабрикалар құру мәселелері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа және мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге дайын екендерін білдірді.