11.10.2023, 10:00
Оқылды: 73

Тамара Дүйсенова: «Өртті бақылайтын 102 мұнара салу жоспарланып отыр»

Дәл қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

1_424

Фото: primeminister.kz

 - Халық жиі көтеретін және Үкіметке тікелей жолдаған өтініштерінде айтылатын тағы бір маңызды мәселе – экология.

Аймақтар бойынша экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталары әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бұл – өндірісті жаңғырту, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктерді газға көшіру, қалаларды көгалдандыру, талайдан бері ластанып жатқан жерлерді тазалау сияқты шараларды қамтиды.

Ұлытау облысының экологиялық ахуалын зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Ауадан, топырақ пен судан сынама алынып, тексерілуде. Оған қоса аймақтың радиациялық ахуалына бағалау жұмысы жүргізілуде.

Азаматтық қорғаныс саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Жоспар шеңберінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнату көзделген. Осы мақсатқа 2027 жылға дейін 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлу және өртті бақылайтын 102 мұнара салу жоспарлануда, - деді Тамара Дүйсенова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале