12.08.2025, 21:02
Оқылды: 316

Тамызда тариф өсті

Тамыздың 1-інен бастап жылудың бағасы, ал осы айдың 5-інен бастап электр қуатының құны өсті.

Ақша JP

«Жайықжылуқуат» АҚ өзінің ресми сайтында тұтынушыларға жылу мен ыстық су тарифінің өскенін хабарлады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті БҚО бойынша департаментінің 17.07.2025 жылғы №47-НҚ бұйрығы бар. Соған сәйкес 2025 жылғы 1 тамыздан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жылу қуатын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифінің шекті деңгейлері бекітілген және қолданысқа енгізілген:

мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындарға 1 Гкал – ҚҚС-мен 22332,37 теңге;

басқа тұтынушыларға 1 Гкал – ҚҚС-мен 7467,68 теңге;

тұрғындарға:

- 1 Гкал – ҚҚС-мен 6946,04 теңге;

- 1 текше метр суды жылыту – ҚҚС-мен 368,14 теңге;

- суды жылыту үшін 1 адамға айына – ҚҚС-мен 1343,71 теңге.

Тұрғындарға 1 шаршы метрді жылыту құны – ҚҚС-мен 218,80 теңге.

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС сайтында тұтынушы­ларға электр қуатын сату бағаларының көрсеткішін жариялады (кесте). Тұтынушылардың барлық тобы бойынша электр қуатын бөлшек саудада сату бағасы – ҚҚС-мен есептегенде 32, 52 теңге. Бұған дейін тарифтің орташа бағасы кВт/сағ үшін 28,16 теңге болды. Жалпы, тамыз айының басында ҚР Энергетика министрінің бұйырығына сәйкес, елде электр қуатын өндіруші бірнеше ірі кәсіпорынның тарифтері жаңартылды. Электр қуатын өндіретін 63 ұйымға арналған тариф 1 кВт/сағ үшін 44,02 теңге болып белгіленді.

Халық үшін тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер (электр қуатын жарықтандыру үшін және өндіріспен байланысты емес басқа да мақсатта пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар)

1 кВт/сағ-қа теңге

Тұтынушылар топтары Бір адамға электр энергиясын тұтыну көлемі, кВт / сағ. ҚҚС-пен

тариф

1. Электр плиталарын пайдаланатын және орталықтандырылған ыстьқ сумен қамтамасыз
етілмеген үйлерде тұратын тұрмыстық тұтынушылар:
- бірінші деңгей тарифі 90-ға дейін 30,59
- екінші деңгей тарифі 90-нан 140-қа дейін 39,03
- үшінші деңгей тарифі 140-тан жоғары 48,79
2. Электр плиталарын пайдаланбайтын тұрмыстық тұтынушылар:
- бірінші деңгей тарифі 70-ке дейін 30,79
- екінші деңгей тарифі 70-тен 120-ға дейін 39,03
- үшінші деңгей тарифі 120-дан жоғары 48,79
3. Меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар тұлғаларды қоспағанда, электр плиталарын
пайдаланатын және орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілмеген үйлерде тұратын
жалғыз тұрғындар: жасына қарай зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары және оларға
теңестірілген тұлғалар
- бірінші деңгей тарифі 170-ке дейін 30,59
- екінші деңгей тарифі 170-тен 190-ға дейін 39,03
- үшінші деңгей тарифі 190-нан жоғары 48,79
4. Меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар тұлғаларды қоспағанда, электр плиталарын пайдаланбайтын жалғыз тұрғындар: жасына қарай зейнеткерлер, мүгедектер, ҰОС қатысушылары
және оларға теңестірілген тұлғалар
- бірінші деңгей тарифі 120-ға дейін 30,79
- екінші деңгей тарифі 120-дан 140-қа дейін 39,03
- үшінші  деңгей  тарифі 140-тан жоғары 48,79

 

Айна Имашева,

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале