12.08.2025, 14:57
Оқылды: 94

Тамыздың ортасында күн қандай болады?

Қазгидромет 12, 13, 14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Солтүстік-батыс циклоны әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, кей өңірлерде бұршақ жауады, дауыл соғады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда солтүстікте, шығыста тұман түседі.

жп дождь фото Динара Насыр (1)

"Елдің басым бөлігінде ауа температурасы аздап төмендейді: батыста түнде 13-18 градус жылы, күндіз 23-31 градус жылы, солтүстік-батыста түнде 8-20 градус жылы, күндіз 18-28 градус жылы, солтүстікте түнде 10-17 градус жылы, күндіз 18-23 градус жылы, оңтүстікте түнде 13-23 градус жылы, күндіз 27-37 градус жылы. Қалған өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды", - деп жазылған хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале