15.03.2026, 16:09
Оқылды: 23

Танымал балуан өз таңдауын жасады

07157bbf-a144-457f-a2af-1fef55d73e85

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жүлдегері, танымал қазақстандық балуан Екатерина Ларионова Орал қаласындағы №406 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Белгілі спортшы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.

cb451666-f41a-4299-992d-44643a1da851

Түске таман учаскеге келген ол дауыс беру – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті. Спорттағы табандылығы мен жігерімен көпке үлгі болып жүрген балуан бұл күннің тек жеке адам үшін емес, бүкіл халық үшін маңызы зор екенін жеткізді.
– Бүгін тек мен үшін емес, жалпы халық үшін маңызды күн. Мен өз таңдауымды жасадым», – деді ол өз сөзінде.
Айта кетейік, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары жүлдегері ретінде ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген спортшының дауыс беруге келуі жас ұрпаққа үлгі екені сөзсіз.

Гүлжамал Жолдығали

"Жайық Пресс"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале