18.04.2025, 9:00
Оқылды: 165

Таразда БАҚ өкілдеріне арналған «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» атты семинар өтеді

2025 жылдың 29 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» семинары өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды. 

ca2b9938b29493ee6c4d49133fff9ef9_1280x720

Сурет: gov.kz

 

​Іс-шара журналистердің заманауи технологияларды қолдана отырып, медиа өнімдер жасау, сөз сөйлеу өнері, медиа сауаттылық, журналистер мен мемлекеттік органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіру бойынша кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған.

​Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспары шеңберінде іске асырылады.

​Спикерлер ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі, «Jambyl» телеарнасының өкілдері сөз сөйлейді.

​Іс-шара келесі мекенжай бойынша өтеді: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 2.3. корпусы, 308 кабинет – Тәуелсіздік залы.

​БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/pSW2LHu3oNVCpXam8.

Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысуға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция көрсетіледі:
https://us04web.zoom.us/j/77332438044?pwd=3aifr5n2NcM1Uaaf2p8mIfYkpwizdn.1  (конференция идентификаторы: 773 3243 8044, кіру коды: 2yqStu). ​

Сұрақтар бойынша +7 7172 74 01 86 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале