6.09.2022, 12:16
Оқылды: 64

Тәрбиешілердің жалақысы басқа педагогтердікінен әлдеқайда төмен – вице-министр

Елімізде балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі еңгізіледі. Одан бөлек, тәрбиешілердің жалақысы артады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7

«Президент биылғы Жолдауында балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысын көбейтіп, жүктемесін азайтуды тапсырды. Бүгінгі күні балабақшаларда жұмыс істейтін тәрбиешілердің айлығы мектептегі және басқа да мекемелердегі педагогтердің жалақысынан әлдеқайда төмен. Осы орайда жалақыны жоғарылату бойынша жұмыс жасалады», - деді Шолпан Каринова министрлікте өткен аппарат жиналысында.

Министрдің бірінші орынбасары келтірген мәлімет бойынша 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші - 88 пайыз.

«Сонымен қатар Президент тапсырмасының шеңберінде балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі еңгізіледі. Одан бөлек, тәрбиешілердің жалақысы артады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тәрбиешілердің жүктемесі айтарлықтай азаяды. Сол сияқты 2-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту бойынша тиісті жұмыс жүргізіледі», - дейді ол.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында тәрбиешілердің жалақысын көбейту керектігін жүктеген еді.

Сондай-ақ, министрліктің аппарат жиналысында Асхат Аймағамбетов Жолдауда көтерілген білім мәселелері бойынша жұмыс тобының құрылғанын мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале