Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы «алтын» еншіледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Сали Сабиров
Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын.