10.06.2021, 15:24
Оқылды: 46

Тарихи құндылықтардың сақталуы, халық арасында насихатталуының маңыздылығы айтылды

Ағымдағы жылдың 10 маусымы күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) басшылығы «Қалың қалай, Бастауыш ұйым?» республикалық акциясы шеңберінде «Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесіп, ұжымдағы еңбек саласының ахуалымен танысты.

67F01561-6C2D-4BEC-AF84-3F2BC36AEF86

Кездесуге ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова, Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы Айдар Батырханов, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының у.м.а Ажар Берікқалиева және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, кәсіподақ комитетінің мүшесі Яна Лұқпанова қатысты.

0175BF16-8D6C-4DFD-AA12-34820CC1354E

БҚО тарихи-өлкетану музейі – 185 жылдық тарихы бар еліміздегі ең көне музейлердің бірі. Облыс бойынша 235 қызметкерден тұратын 18 бөлімі бар. Бүгінгі күні музейде 180 мыңнан астам жәдігерлер сақтаулы. Аталмыш музей қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымында 200-ге жуық кәсіподақ мүшесі бар. Музейдің жалпы құрылымдық, тарихи ерекшеліктеріне, жетістіктері мен жұмыс жоспарларына музей директорының орынбасары Ажар Берікқалиқызы тоқталып өтті. Сонымен қатар, музейдің аға ғылыми қызметкері, кәсіподақ комитетінің мүшесі Яна Лұқпанова еңбек ұжымындағы бірқатар мәселелерді көтерді. Оның ішінде өзгеріссіз келе жатқан төмен жалақының, төмен жалақыға жұмыс жасағысы келмейтін кадр тапшылығының мәселелері болды. Сондай-ақ магистр дәрежесі бар тарихи-археологиялық орталықтар мен мұражайларда жұмыс істейтін ғалымдарға қосымша ақы төленбейтіндігін және білікті археолог ретінде артефактілерді сақтайтын жердің жоқ екендігін айтты. Салалық кәсіподақтың республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Кеңесқызы өз сөзінде  ҚР Үкіметінің №1193 Қаулысымен бекітілген 17 697 теңгені құрайтын базалық лауазымдық жалақының өзгеріссіз күйі туралы, сала мамандарын қорғайтын әлеуметтік кепілдіктердің заң тұрғысында жоқ екендігін жеткізіп, жиынға қатысушы Мәжіліс депутатына ұсыныс ретінде қарауын сұрады.

Кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген:

- Көтерілген мәселелер өте өзекті. Әсіресе, жалақы мен артефактілерді сақтау мәселелері кезек күттірмей, шешімін табуы тиіс деп ойлаймын. Заң адамды жасамау керек, адам заңды жасау керек. Бұл орайда, бәріміз бірге жұмыла еңбектену керекпіз, - деді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төраға орынбасары Нұрлан Өтешов жиынның қорытынды бөлімінде кәсіподақтар қозғалысының қазіргі стратегиялық қадамдарына, реформалық даму бағыттарына тоқталып, еңбек адамының лайықты еңбек жағдайына қол жеткізуі жолында жасалынатын нәтижелі жұмыстарға арқау болатындығын еске салды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале