27.07.2024, 21:39
Оқылды: 198

Тарихи сәт! Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

Елдос Сметов дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болды. Бұл туралы QAZPORT TV мәлімдеді.

18DDF17C-57C9-46C7-BE62-77CFF23160D9

  Фото: Сали Сабиров/olympic.kz

«60 келі салмақта белдескен қазақстандық спортшы финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші Олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.   

Айта кетейік, осыған дейін Елдос 2016 жылы күміс, 2020 жылы қола жүлде еншілеген еді.

Елдосты және барлық қазақ халқын көптен күткен алтын жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!

Белдесудің толық нұсқасын QAZPORT TV YouTube арнасынан тамашалай аласыздар!», - деп хабарлады QAZPORT TV.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале