21.09.2023, 14:45
Оқылды: 49

Тарихи жеңіске жеткен Ризабек Айтмұхан елге оралды

Еркін күрестен Әлем чемпионы атанып, елге тарихи жеңіс тарту еткен Ризабек Айтмұхан бүгін елге оралды. Осы спорт түрінен 2 дүркін қола жүлдегер Азамат Дəулетбековті де әуежайға жиналған жұрт зор ықыласпен, қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы Qazaqstan.tv жазды.

EAB0CF0C-8874-4035-B995-EB6FC9589989

Сурет: massaget.kz

Көк туымызды көкте желбіреткен чемпионды Алматы әуежайынан жақын туыстарынан бастап, дос-жаран мен жанкүйерлері күтіп алды.

Спортшылар ұлттық тағамдардан дәм татып, жарыстан алған әсерлерімен бөлісті.

– Шынымды айтсам өте керемет сезімде болып тұрмын. Қазақ халқына үлкен алғысымды білдіргім келіп тұр. Таңғы беске қарамастан осылай мені қарсы алып жатқанына үлкен рақмет! Сербияға қарағанда өте күшті сезіліп жатыр Әлем чемпионы болғаным, дейді Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан.

Чемпионды бала кезінде спортқа алып келген әкесі осы жарысқа қатысарда мақсат айқын болғанын айтады.

– Дайындалдық алтын аламыз деп. Кетер кезде баламмен отырып сөйлескенде алтынға дейін барамын деді. Қатты ынтасы болды, - Ризабек Айтмұханның әкесі Қанат Жолдасбаев.

Еркін күрестен екі дүркін күміс жүлдегер Азамат Дәулетбеков жақында Азия ойындарына аттанады. Бұл басы ғана, алдыма қойған мақсат айқын дейді.

– Екі аптадан кейін Азия ойындары болады. Сол Азия ойындарында бұйыртса елге абыроймен оралу. Осы қоланы алтынға айналдыру, - деді Еркін күрестен Әлемнің 2 дүркін күміс жүлдегері Азамат Дәулетбеков.

Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен Әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ. 25 жыл бұрын Қазақстан тек грек-рим күресінен алтын алған болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале