24.06.2024, 10:31
Оқылды: 73

Тарихи жолдама: Амир Закиров брейкингтен Париж Олимпиадасына қатысады

Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

2E699D77-7B20-4517-8ECF-68A8E0538B0F

Сурет: Olympic.kz

Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Амир Париж ойындарына жолдама алды.

Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңілді. Осылайша, екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады (Шанхайда ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген. 

Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Демек, Закирдің квотасы тарихи жолдама саналады.

Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ. 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале