3.10.2024, 13:00
Оқылды: 90

Тарихи жүлде, ФИДЕ-нің ТОП рейтингі: қазақстандық шахматшылар 20 млн теңге сыйақы алады

ФИДЕ әлемдегі үздік шахматшылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық шахматшылар әлемнің үздік ойыншыларының 5 рейтингі бойынша ТОП-10 қатарына кірді. Ал Бибісара Асаубаева екі бірдей рейтингте көш бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

99A0E3F5-70FB-4E20-8632-62DA46727D10
Фото: Қазспорт

Бибісара Асаубаева қыздар арасындағы блиц бойынша ТОП-100 үздігі атанды. Одан бөлек, үздік ондық қатарында Меруерт Камалиденова (4 орын), Алуа Нұрман (6 орын) және Ксения Балабаева (10 орын) бар.

Рапид бойынша ФИДЕ рейтингінде алдыңғы орында Бибісара Асаубаева, тағы бір қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетсек, қазақстандық шахматшылар 2024 жылдың қазан айында TOP 100 GIRLS рейтингіне енді. Бибісара Асаубаева екінші, Меруерт Камалиденова сегізінші және Алуа Нұрман оныншы болып үздік атанды.

Рапид пен блиц бойынша әйелдердің ересектер рейтингінде (TOP 100 WOMEN) тек Бибісара Асаубаева ғана бар.

Еске салсақ, шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өткен 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале