Біле жүріңіз!
1921-1922 жылдары өңірді жайлаған қуаңшылық пен аштыққа қарамастан өткен ІV губерниялық сиездің орны ерекше. Сиез 1922 жылдың 21 қыркүйегінде Орал қаласында өтті.
Оның президумына Киселев, Залиев, Леонинок, Забиров, Утеулиев, Зубков, Байшеркешов сайланды.
Сиез кеңестік саясатта, әкімшілік-шаруашылық және мәдени құрылысты нығайтуда жергілікті жерлерде кеңес билігін күшейтуге бағытталған тарихи шешімдерді қабылдады.
Айталық, 1921-1922 жылғы өңірді жайлаған қуаңшылық пен аштық қоғамдық қайшылықтар мен қиындықтарды әкелгені белгілі. Осы кезде кеңестік биліктің пәрмені мен халықты ұйымдастырудағы белсендігі қолдауға ие болды. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин сиез мінберінен сөйлеген сөзінде:
«Сиездің қандайда бір шешімдерді алуда белсенді болғаны және қандай да бір шешімнің халықтық болғаны кеңес билігінің халықшылдығын көрсетті» дегені өңірдегі кеңестік құрылыстың дұрыс бағытын көрсеткендей.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz