Бұл жетістік туралы «Kazakh Everest Team» командасы хабарлады.
Осыған дейін «Қазақстандық альпинистер командасы «Kazakh Everest Team» спорттық-патриоттық экспедициясы аясында Эверест шыңына шығуды жоспарлағанын жазған едік.
Фото: olympic.kz
Экспедицияны әлемге танымал альпинист Мақсұт Жұмаев басқарды. Ол өз мансабында сегіз мың метрлік 14 шыңды бағындырған. Оның тобы жеті адамнан құралған. Ішіндегі жалғыз әйел адам – Анар Бурашева.
Экспедиция құрамында болған Анар Бурашева 8000 метр биіктікті бағындырып, тарихта әлемнің ең биік шыңға шыққан алғашқы қазақ қызы атанды.