30.03.2022, 10:30
Оқылды: 57

Тәртіптік істер тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материалдары және мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша бірқатар мәселе қаралды. 

IMG-20220330-WA0012

Алдымен, әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс нәтижелерін қарау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілі Ақмарал Жиенбетова мен Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Бақтыгүл Агилманованың 2021 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары қаралып, нәтижесінде аталған мемлекеттік орган басшыларына нақты ұсынымдар жолданылды.

IMG-20220330-WA0011

Келесі ағымдағы жылдың басында уәкілетті органмен  жанар-жағармай бағаларына шекті баға қойылғанына қарамастан АИ-92 және АИ-95 бензинін көтеріңкі бағамен сатып алу келісімшартына қол қою мәселесі бойынша Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы Жанболат Темірғалиев, сондай-ақ Бөрлі ауданының Бөрлі және Қанай ауылдық округі әкімдері Әзілхан Зарифов пен Есбол Бахиевке қатысты тәртіптік істер қаралды. Аталған тәртіптік істерді талқылау нәтижесінде аталған тұлғалардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілері байқалмайтындығы анықталып, тәртіптік істер тоқтатылды.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале