Ташкент әуежайында жолаушы 57 қолтырауынды алып өтпек болған.
30 тамызда М. есмді азамат Каирден (Мысыр) Ташкентке ұшып, Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонған. Ол 57 кіші қолтырауынды алып келген. Болжам бойынша, олар - Ніл қолтырауыны Crocodylus niloticus. Ер адамның тиісті рұқсаттары болмаған.
Контрабандист кішкентай қолтырауындарды көкөністер мен жемістермен жауып, контейнерлерге орналастырған. Оны сканерден жасыру үшін фольгаға орап қойған.
Экология жөніндегі мемлекеттік комитет пен "Ташкент-АЭРО" шекаралық ветеринарлық бекетінің қызметкерлері қолтырауынның төлдерін уақытша сақтау үшін Ташкент зообағына тапсырды.
tengrinews.kz