4.06.2024, 10:15
Оқылды: 35

Тасқалаға кешенді блок-модуль керек пе?

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда облыс бюджеті, су тасқынының зардаптарын жою, тұрғын үй шаруашылығы мен энергетика мәселелері талқыланды. 11E8CF1E-638F-4F65-9727-DCE6D9EE0D51

Отырыста алдымен облыстық мәслихаттың «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде айтылды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиевтің хабарлауынша, облыстық бюджет – 499,3 млрд теңге. Әлеуметтік салаға 3,6 млрд. теңге бағытталады. Оның ішінде денсаулық сақтауға – 1,1 млрд теңге, білім беруге – 1,8 млрд теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікке – 714 млн теңге. Басқарма басшысы шығыстардың негізгі бөліктеріне тоқталды. Мәселен, білім біру нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 404,3 млн теңге, Қаратөбе, Теректі, Ақжайық, Жаңақала және Тасқала аудандарындағы білім ошақтарына ағымдағы жөндеу жүргізуге 262,5 млн теңге қарастырылған. Теректі ауданы орталығындағы емхана құрылысын жалғастыру және бірнеше ауданда 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысын бастауға747,5 млн теңге бөлінбек. Бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 4,8 млрд теңге бағытталған. Ақжайық ауданыныңЧапаев ауылындағы су құбырын реконструкциялауды жалғастыруға – 234,1 млн теңге, Зашаған кентіндегі жөндеу өндірістік базасының құрылысын жалғастыруға – 395,4 млн теңге және басқажұмыстарға қаражат есептелген. Ал көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 1,4 млрд теңге бағытталып отыр. Казталов және Жаңақала аудандарындағы жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге – 1,25 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ Жаңақала ауданы Чапай-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолын реконструкциялауды жалғастыруға және Бөрлі ауданының Ақсай қаласында аутомобиль жолдарының құрылысын аяқтауға143,7 млн теңге бағытталған. Өңірде төтенше жағдаймен күрес мақсатында  облыс резервін 6 млрд теңгеге толықтыру көзделіп отыр. «Мамырдың 1-індегі жағдай бойынша нақтыланған бюджет – 5,5 млрд теңге. Соның ішінде көктемгі су тасқынынан туындаған төтенше жағдайларды жоюға 3,8 млрд теңге бағытталды. Басым бөлігі зардап шеккен отбасыларға 100 АЕК мөлшерінде бірреттік әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. Аудандардағы су тасқыны салдарынан бұзылған электр желілерін қалпына келтіруге 243 млн теңге, Қаратөбе ауданында газ құбырын жөндеуге 36 млн теңге бөлінді. Ал құлаған үйлердің орнына салынатын жаңа баспаналардың жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтауға 114 млн теңге, тұрғын үйлерге келтірілген залалдың шығынын өтеуге 167 млн теңге, ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеуге 188 млн теңге бөлінді. Резервтегі қаражатты 6 млрд теңгеге ұлғайтуға тұрғын үйлерді жөндеу, жол, әлеуметтік инфрақұрылым және гидротехникалық құрылыстарды жүргізу және техникаларды ұйымдастыру себеп болып отыр», - деді Нұрлан Мұхитұлы.

Басқарма басшысына қоғамдық кеңес мүшесі Ганмирлан Тұрғанәлиев сұрақ қойды. «Аудандарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су тазартатын 11  кешенді блок-модуль (КБМ) салу жоспарланған. Соның ішінде Тасқала ауданы да бар. Қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы Өркен, Ынтымақ, Бастау және Талдыбұлақ  ауылдарындағы блок-модульдерді барып көрді. Олардың біреуі де жұмыс істеп тұрған жоқ және ауылдарға қажетте емес. Кешендердің кезінде қалай салынғаны жөнінде мардымды жауап ала алмадық. Енді Тасқала ауданында тағы да КБМ салу жоспарланып отыр. Ал ол қаншалықты қажет? Бұл жөнінде қоғамдық кеңес мүшелерінен ешкім  сұрамады да. Осы жөнінде кімжауап береді?» – деді кеңес мүшесі. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев: «2025 жылға дейінбарлық ауылды таза сумен қамтуымыз керек. 200-ден аз тұрғыныбар ауылдарға міндетті түрде таза су апаруымыз қажет. Алайдакішкентай ауылдарға 500-600 млн теңгеге орталықтандырылған су құбырын тарту тиімсіз. Ай сайынғы төлемі де қымбат, яғнитұрғындар 10-12 мың теңге төлеулері қажет болады. Сондықтаншағын ауылдарға КБМ құрылғысын орнатамыз. Одан әрітұрғындар араларынан жауапты адам шығарып, оны қолданысқа енгізулері қажет. Жыл сайын аудан әкімдері қай ауылға құрылғының қажет екенін айтып, тапсырыс береді. КБМ соған сәйкес орнатылады», - деп жауап берді. Алайда бұл жердегі мәселе блок-модульдердің жұмыс істемеуі болып отыр. Ганмирлан Ғұсманұлының айтуынша, оны іске қосу үшін көп қаражат керек. Әрі электр қуатын пайдаланады. Шағын ауылдардың тұрғындары ол үшін қаражат төлемейді. «Блок-модульдерді қалай пайдалану керектігі күні бұрын ойластырылмаған. Мүмкін шалғай аудандарға керек болар, бірақ Тасқаладағы елді мекендерге қажеті жоқ. Мәселен, Ынтымақ ауылында үш-төрт метр тереңдіктен тұщы су шығады. Оған тіпті қажеті жоқ еді. Осындай жағдайлар неге ескерілмеген?», - деді Г. Тұрғанәлиев. Қоғамдық кеңес мүшесініңсөзін қостап, қуаттаған облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов Тасқала ауданындағы КБМ мәселесін қарастыратындарын айтты.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы басқармасының басшы-
сы Мирас Мүлкай өткен жылы атқарылған және биылғыжоспарланған жұмысты баяндады. Мәселен, 2024 жылыкоммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық жобалары жәнебюджеттік инвестициялар есебінен бұл салаға 13,8 млрд теңгеқаражат бағытталады. Яғни республикалық бюджеттен 9,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 1,0 млрд теңге, инвестициялықбағдарлама есебінен – 3,5 млрд теңге бөлінеді. Коммуналдықкәсіпорындардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарынжүргізуі үшін инвестициялық жобалар есебінен 3,5 млрд теңгеқаражат қарастырылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныңорынбасары Айнаш Ғұбайдуллинаның баяндауынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №75 бұйрығы бойынша барлықнауқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Алайда былтыртегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмейтін 4 ауру түрінереспубликалық бюджет қаражаты жұмсалған. Бұл аурулар: муковисцидоз, созылмалы
вирусты «С» гепатиті, эпилепсия, жұлын бұлшықетінің атрофиясы. Биыл №75 бұйрыққа өзгеріс енгізіліп, осы төрт ауру бойынша республикалық бюджеттен тегін дәрідәрмек бөлінбек. Енді мұндай диагноздары бар науқастарға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет емес. Айнаш Жұбанышқызы биыл осы аурулар үшін бөлінген 274 млн теңгені қаражат қажет етіп отырған екі науқасқа беруді сұрады. Ол үшін мәслихаттың 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі №38-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Қос науқастың диагноздарыағзалар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жағдай және бауырдың қатерлі ісігі. Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынысты бірауыздан қолдайтындарын айтты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Берік Ситқазиев сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы баяндады. Оның мәліметінше, субсидиялар нормативін айқындайтын есептіккөрсеткіштер –  кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алубағасы. Бұл көрсеткіштерді ережемен бекітілген формулалармен есептейді.

Кепілдендірілген сатып алу бағасы инфляцияның жылдық деңгейін ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің былтырғы орташа бағалары бойынша анықталады. Өнімнің бір келісі 205,1 теңге. Сатып алу бағасы статистика комитетінің былтыр дайын өнімге жинаған нарықтық бағалар жөніндегі деректері негізінде анықталған. Өнімнің бір келісі – 174,7 теңге. «Есептеулерге сәйкес облыс бойынша 2024 жылға сары май өндіру үшін шикізатты сатып алу шығындарын субсидиялау нормативі ретінде 1 келіге 30,4 теңге белгіленген (1 кг сары май өндіру үшін 22,5 литр сүт қажет). Біркелі май шикізатына 684,0 теңге төленеді. Биыл осы бағытта 102 млн теңге бөлініп отыр», - деген Берік Маратұлы осыған орай ұсынылған қаулының жобасына өзгеріс енгізуді сұрады.

Қоғамдық кеңес мүшесі Мағауия Есмағұлов басқарма басшысының орынбасарынан киік мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады. Оның айтуынша, Казталов ауданындағы Сарыөзен мен Қараөзеннің арасында киіктер көбейген. Б. Ситқазиевтің сөзіне сүйенсек, маусым айында Ауыл шаруашылығы министрі мен Экология және табиғи ресурстар министрі облысқа келуді жоспарлап отыр. Құзырлы ведомстволарға тиісті ұсыныстар жіберілген. «Киік мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Керісінше күрделеніп жатыр. Мемлекет басшысы Қостанайға барған сапарында ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеген еді. Алайдаолардың санын реттеу тоқтамайды. Киіктер атылмайды, бірақкорал әдісімен аулау жалғасады. Өкінішке орай, бұл бағытта айтылған, көтерілген мәселелер шешімін тауып жатқан жоқ. Әзірше шешімі жоқ жұмыстар жүріп жатыр. Министрлер келгенде бұл түйткіл жан-жақты талқыланады», - деді қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов. Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева облыс әкімдігінің 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулы жобасын қабылдауды сұрады.

Оның мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігі су шаруашылығы мамандарын даярлау үшін төртөңірге бір колледжді анықтаған. Батыстағы облыстар үшін Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі бекітілгенОралдағы жоғары аграрлық-техникалық колледжі болашақта осы оқу орнымен бірлесіп жұмыс істемек. Яғни онда су шаруашылығы мамандарын даярлайды.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале