5.11.2023, 10:53
Оқылды: 39

Тасқалалық домбырашылар дауыс берді

Қазақы үлгіде киінген тұрғындар сайлауға ұлттық аспаптарын арқалай келіпті. Тасқала ауылындағы №333 сайлау учаскесіне келіп қалған бір топ домбырашымен тілдестік. Түрлі аспапты асынған сайлаушылардың дені әуесқой домбырашы екен. Мәншүк Самиева 2010 жылдан бастап Балалар музыка мектебінде жұмыс істейді. Ол оқушыларды домбыраға үйретеді. Қазіргі кезде шығармашылық ұжыммен түрлі іс-шараларда өнер көрсетіп жүр. Сайлау учаскесінде олар келушілерге күйлерін орындап, қошеметке бөленді.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 10.51.55 (1)

– Сайлау барысында келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлауды дұрыс деп таптық. Шығармашылық ұжымда сегіз адам бар. Олардың бәрі дерлік шетінен өнерлі деуге болады. Ауылдағы мерекелік кештерде ән-күйімізді айтып, ауыл жұртының алғысын алып тұрамыз. Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық мұраларын кеңінен насихаттау, оған тұрғындардың қызығушылығын оятуды мақсат еттік. Сайлауға домбырамызды ала келудің де өзіндік мәні бар. Өйткені бүгін халықтың дені осында келеді және мемлекеттің азаматы ретінде таңдауларын жасайды. Меніңше, бұл екеуінің арасында салмақты әрі маңызды байланыс бар, – дейді Мәншүк Табылдықызы.

Аманжол Исламғали,
Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале