5.11.2023, 10:02
Оқылды: 13

Тасқалалық тұрғын сайлауға трактор айдап келді

Тасқала ауданы Ақтау ауылындағы №324 сайлау учаскесіне тұрғындар бірінен соң бірі келе бастады. Сайлаушылардың арасында өзінің тракторымен келген Берік Жүсіпов көпшілікті таң қалдырды. Біз трактор тізгіндеген тұрғынмен тілдестік. Өзінің айтуынша, шаруа қожалығы бар екен. Таң атысымен жұмысына бара жатып, сайлауға қатысып, дауыс беруді жөн көрген.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 10.00.05 (1)

– Бүгінгі аудан басшысын сайлауға жұбайыммен бірге келдім. Осындай таңдау жасайтын уақытта өзіміздің азаматтық міндетімізді орындауды дұрыс көрдік. Себебі біз – осы мемлекеттің азаматымыз. Жақында 50 жасқа толамын. Жеке шаруа қожалығымда 10 жыл уақыт ірі қара бағудамын. Халықтың ортасында еңбекпен есейдік. Сол себепті көптен қалмай, сайлаушылардың қатарынан төбе көрсету керек деп шештік. Бұл әрекетіміз келешек ұрпаққа үлгі болмақ. Сондықтан жұрт болып жұмылып осындай науқанға белсене атсалысу қажет деп білемін, – деді ауыл тұрғыны Берік Жүсіпов.

WhatsApp Image 2023-11-05 at 10.00.05

 

Аманжол Исламғали,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале