БҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, палатаның ұйымдастыруымен теміржол көлігі және халықаралық тасымал салаларында қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер көлік прокуратурасының және бірқатар мемлекеттік құрылымның, Орал қаласындағы кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Басқосу барысында тасымалдаушы кәсіпорындардың түйткілді мәселелері, олардың құқықтарын қорғау тетіктері сөз болды.
Жиында қадағалаушы құрылымның өкілдері кәсіпкерлердің заңды құқықтарының бұзылуы, мүдделеріне нұқсан келтіру фактілерінің алдын алу және оларды болдырмау бойынша атқарылған жұмыстары жайында әңгімеледі. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жедел топты құру болатын. Мұндай топ құрылған екі жылдың ішінде топпен теміржол көлігі және халықаралық тасымал салаларындағы 10-нан астам ірі кәсіпорынның құқығы қорғалған. Мысалы, биыл мамыр айында көлік прокуратурасы «Сырым» өткізу бекетінен «TURKISTAN FRUD» жеке кәсіпкерлігінің фурасымен жүкті өткізуге тыйым салынғанына назар аударды. БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының көлікті өткізбеуіне одан жоғары тұрған құрылымның тәуекел экспортерлерге қатысты тексерістерді өткізу жөніндегі тапсырмасы негіз болған. Осы жағдайға байланысты кәсіпкерлердің шағымдары бойынша жүргізілген тексеріс барысында шекарадан өткізілетін жүктердің тексерілуге жатпайтыны, ондай жүктегі тауарларға қатысты еш шектеудің жоқтығы анықталды.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 16 шілдедегі №57 санынан оқи аласыздар.
Гүлбаршын
Әжігереева,
zhaikpress.kz