12.04.2017, 21:57
Оқылды: 42

Тауарлық белгіні заңсыз пайдаланғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда

IMG-20170412-WA0060Бүгін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен басқосуда ғылым апталығы аясында «Зияткерлік меншікті қорғау мәселелері» талқыланды.


 

Оған университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері, қадағалау құрылымдарының мамандары, жергілікті ғалымдар мен өнертапқыштар қатысты. Дөңгелек үстелде авторлық құқықты сақтау, патенттеу-лицензиялау жұмыстары, өнертабыстар, сәулет өнері, әдеби, музыкалық және фототуындыларды қорғау мәселелері назарға алынды.

Алдымен сөз алған университет жанындағы стратегиялық даму және сапа департаментінің директоры Олег Юров елімізде жаңа инновациялық технологияларды енгізуге жақсы жағдай жасалғанын атап өтті.

– Әділет департаментінің қызметкерлері 2015 жылдан бастап ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс аясында тауар және қызмет көрсету таңбаларын, фирмалық атауларды заңсыз пайдаланғандарға әкімшілік хаттама толтыра алады. Былтыр біздің мекемеге түскен «Іnter IKEA Systems B. V.» (үй жиһаздары), «Адидас» (киім), «Тойота Мотор Казахстан» (автокөлік) және ВД-40 химиялық қоспасын өндіруші компаниялардың өкілдерінің шағымдары негізінде жергілікті 14 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл «Mobil» автокөлік майы, «КамАЗ» (көлік), «Carlsberg Kazakhstan» (алкогольдік өнімдер), «Derbes» (cыра) тауарлық атаулар мен белгілерді заңсыз пайдаланғандарға қатысты 4 әкімшілік іс қозғалды, – деді БҚО әділет департаментінің зиятркелік меншікті қорғау жөніндегі бөлімінің басшысы Алтай Маштаков.

Дөңгелек үстелде РhD докторы Чжон Ли ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жүйесі жөнінде баяндады. «Университет лабораториясында жаңа инновациялық жобалар аясында жасанды шикізат өндіруді қолға алғанымыз мәлім. Өнеркәсіп саласында өнертабыстарды патенттеу үшін бірнеше технологияны ескеру қажет. Алдымен, жаңа туындының сапасы тексеріледі. Оны жасауға қажетті шикізатты үнемдеу маңызды. Сонымен қатар экологиялық тұрғыда тиімділігі зерттеледі. Және қолдану технологиясын неғұрлым жетілдірілу керек. Сонда ғана сынақтан өткен өнертабысыңызды жандандыруға инвесторлар мүдделі болады», – деді инжинринг және ресурстарды үнемдеу ғылыми-зерттеу институтының директоры Сәрсенбек Монтаев.

Басқосуда еліміздегі №1 патенттің иесі, инженер Зейнолла Ғабуллин конструкция өндірісіне қажетті қазақ тілінде жазылған техникалық әдебиеттердің, аудармалардың аздығы, әсіресе, ауыл-аймақтан шығатын өнертапқыштардың біліктілігін жетілдіруге елеулі кедергі екенін және ғылыми ортаның орыс тілді болып келуіне байланысты олар жобаларын қорғауға қиналатынын жеткізді.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале