29.05.2024, 18:00
Оқылды: 45

Таубұйраттан кеткен бай  

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі - Қаби Үмбетов болатын.

жп дала

Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған:«Қаби Үмбетов (Нәби) - 60 жаста. Таубұйрат ауылы Азғыр ауданы Орал округі. Тәркілеуге іліккен. Руы – алаша, тоқбас. 15 жылқы, 75 түйе, 500 ірі қара, 100 қой, екі күймелі арба, екі жер үйі бар. Үш тұрақты отбасы жұмыс күшін пайдаланады. Жерлестерге қәдірлі, ақсақалдар мүшесі», - делінген.

Осылайша Қаби Үмбетовтың мал-мүлкі тәркіленіп, отбасымен тұрған жерінен жер аударылады, әлі күнге ақталмады.

 

                                                    Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress. kz

(«Байлар қалай тәркіленді?». Орал. 2024 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале