10.12.2023, 18:30
Оқылды: 69

Тәуелсіздік қарсаңында ашылған жаңа мектеп өз жұмысын бастады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі тапсымалардың бірі апатты мектептерді жою және үш ауысымды білім ошақтарының мәселесін шешу деп көрсетілді. Облысымызда аталған тапсырманы орындау мақсатында 27 мектеп құрылысы басталды. Биыл 17 мектеп салынады деген жоспар қойылды. Қазіргі таңда олардың 7-і пайдалануға берілсе, тоғыз мектеп жыл соңына дейін іске қосылады. 

IMG-20231210-WA0069

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Теректі ауданына қарасты Үлкен Еңбек ауылындағы негізгі мектептің жаңа ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұған дейін болған білім ошағы 1965 жылы салынып, 1966 жылдан бері қызмет жасаған.

IMG-20231210-WA0072

Елу жыл бойы балаларға білім берген мектепте 42 оқушы, 23 педагог бар.

Ал "Қарашығанақ Петролиум Опирйтинг Б. В" компаниясы бөлген қаражатқа салынған жаңа мектеп 60 оқушыға шақталған. 10 оқу кабинеті бар. Химия-биология, физика-математика кабинеттері біріктірілген. Қазақ тілі, орыс тілі, информатика-шет тілі және бастауыш сынып кабинеттері тағы бар. Сонымен қатар 2 шеберхана мен спортзал, кітапхана мен асхана да оқушыларды қабылдауға әзір. Биыл басталып, жоспарға сай аяқталған білім ошағының құрылысын "Тәуекел" ЖШС жүргізді.

Аудан шетіндегі шағын ауыл халқын үлкен қуанышқа бөлеген нысанның ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, аудан басшысы Әлия Мұханбетжанова, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг B.V" компаниясының әлеуметтік жобалар бөлімінің менеджері Қайрат Бимағамбетов, мердігер "Тәуекел" ЖШС басшысы Александр Кондратенко, ардагер ұстаздар, ауыл тұрғындары қатысты.

IMG-20231210-WA0074

Биыл оқу жылында мектеп алды даярлық тобына 10, 1-4 сыныпта оқитын 23, 5-9 сыныптағы білім алушылар саны 20 болған. Ауыл тұрғындары жаңа мектеп жаңа қазақ елінің жаңашыл да жасампаз азаматтарын тәрбиелейтініне сенімді.

IMG-20231210-WA0067

- Ел Президенті Жолдауында білім беруге қолайлы жағдай жасау керек екенін айтты. Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында бүтін бір ауылды қуанышқа бөлеп, жаңа білім ошағын ел игілігіне беріп жатырмыз. Шәкірттеріміз алғыр, ұстаздар білікті болсын. Осы мектептен түлеп ұшқан әр оқушы ел мақтаған азамат болсын, - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

Одан соң "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг B. V" компаниясының әлеуметтік жобалар бөлімінің менеджері Қайрат Бимағамбетов сөз алып, ауыл тұрғындарын тәуелсіздік күнімен және мектеп ашылуымен құттықтады.

IMG-20231210-WA0071

- Елу жыл бұрын салынған мектеп ескірген еді. Жаңа мектеп ашылғанына барша ауыл боп қуанып жатырмыз. Білім ошағы оқушыға қажеттінің барлығымен жабдықталған. Бір кездері арман болған кабинеттер бар. Қуаныш ұзағынан болғай, - деді педогогика ардагері Күләш Аманжолова.

IMG-20231210-WA0066

Кейін мердігер ұйым басшысы Александр Кондратенко ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтап, мектеп директоры Өркен Бижановқа нысан кілтін салтанатты түрде табыс етті.

IMG-20231210-WA0064

IMG-20231210-WA0077

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале