19.12.2021, 18:20
Оқылды: 10

Тәуелсіздік күні дүниеге келген егіздерге «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

Тәуелсіздік күні, яғни 16-17 желтоқсанда Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта 72 сәби дүниеге келген. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай нәрестелерге Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» сыйлық-қораптары тапсырылды. Мереке күні егіз перзенттің әкесі атанған жаңақалалық Қаһарман Зинуллин бүгін жұбайы мен сәбилерін перзентханадан шығарып алды.

5A8471F2-5B50-4029-884F-71FFA74AA5C8

- Жаңақала ауылындағы жалпы орта білім беретін мектепте тарих пәнінен сабақ беремін. Ұстазбын. Бұған дейін отбасымда екі ұл, бір қызым болатын. Енді, міне, егіз перзенттерім дүниеге келді. Жұбайым Кәмшат екеуміз көпбалалы отбасының ата-анасы атандық. Қуанышымда шек жоқ. Келіншегімді облыстық перинаталдық орталыққа 14 желтоқсан күні алып келдім. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында жұбайым да, сәбилерім де дін аман. Негізі ультрадыбыстық зерттеудің арқасында келіншегімнің құрсағындағы сәби егіз екенін білген едік. Қобалжығанымыз, уайымдағанымыз рас. Аман-есен дүниеге келсе екен деп тілеуін тіледік. Қазір ерекше тебіреніп тұрмын. Сәбилерге есім таңдауда да біраз ойландық. Арабша немесе заманауи емес, қазақша есім болғанын қаладық. Содан ойлана келе, өзім сүйіп оқитын «Ер Тарғын» жырынан ұлыма Тарғын, қызыма Торғын деп есімдерін қойдым, - дейді Қаһарман Сағындықұлы.

05B89F25-4DE9-4711-A844-F299DF5A4FAD

Егіздердің ата-анасына «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Асқар Қожымов «Сүйінші» беби-бокстарын табыстады.

«Сүйінші» сыйлық-жинағында «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы, туу туралы куәлік, жас ата-аналарға арналған ақпараттандыру брошюралары мен жаңа туған нәрестеге арналған гигиена құралдары бар. Сондай-ақ «Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!» деген құттықтау тілек жазылған eл Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық хаты салынған.

F6054DD0-658A-4017-8138-9A08834309B8

Айта кетсек, сый қораптар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған  үкімет» КЕ АҚ-мен ҚР Ұлттық банкі, Центр кредит банкінің және «Қазпошта» АҚ-ның ұйымдастыруымен берілген.

535D3459-365E-40D1-B11B-91F8B831D951

B30042E5-BAB7-4E21-B388-D3E8FA521C0E
92EE549E-5CE5-4CB1-8BE5-EDBAD0DB6F81
CE4E3DF4-1AB4-404D-85C3-CC2359ADFB0E
1E2BF7EA-DBF8-46DC-AA57-FD2AB7026D32

Гүлсезім Бияшева

Фото: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале