20.12.2017, 12:24
Оқылды: 46

Тәуелсіздік күні облыс аудандарында аталып өтті

Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы облыс аудандарында аталып өтті. Бұл күні өңірлерде бірқатар нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы аудандағы тілшілеріміз хабарлады.

zelenovЗеленов ауанында өткен салтанатты шарада аудан әкімі Асхат Шахаров ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше адамға марапат табыс етті. Сонымен қатар ауданда Тәуелсіздік күніне арналған спорттық каратэден WKC балалар, кадеттер, жастар және ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өтті. Спорт бәсекесінде командалық есепте Зеленов ауданы жеңімпаз атанса, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мен Орал қаласы №7 мектеп командасы екінші, оралдық «Дзаншин» командасы үшінші орыннан көрінді.

 

Мерекелік шаралар Қазталов ауданында да өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Абат Абайұлы бір топ мекеме-ұйым қызметкерлерін алғыс хатпен және «Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен» марапаттаса, бірқатар азаматқа «Қазталов ауданының Құрмет грамотасын» табыс етті.

Жәнібек ауданында өткен салтанатты жиында аудан әкімі Азамат Сафималиұлы сала үздіктерін марапаттап, олардың иықтарына лента тақты. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханаға жаңа автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.

Ал Қаратөбе ауданы әкімінің кубогі үшін ерлер арасында волейболдан жарысы өтті. Бұқара халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бәсекеге 9 команда қатысып, арнайы жүлде үшін тартысқа түсті.

Бұл күні Шыңғырлау ауданының орталығында және ауылдық округтерінде жергілікті тұрғындарға 39 пәтердің кілті тапсырылды. Аудан орталығындағы 30 үйдің құрылысына 270 млн.324 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі уақыт талабына сай етіп салынуы көзделген бұл үйлер 3 бөлмелі, жалпы аумағы - 82,7 шаршы метр. Бұдан басқа ауданның шалғай жатырған 4 елді мекенде екі пәтерлік бір-бір үйдің кілттері бюджеттік мекемелер мамандарына тапсырылды. Бір айта кетерлігі, ауылдық жерлерде бой көтерген баспаналар жергілікті бюджет есебінен салынды. Осындай жергілікті бюджеттен қаржыландырылған бір пәтерлі бір үй Шыңғырлау селолық округі орталығында да бой көтерді. Аудан орталығы шетінде тұрғындар игілігіне берілген жаңа қоныс «Қонақай» шағын ауданы болып аталмақ.

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында  жалғасын тапқан жақсы істің бірі- Шыңғырлау ауданы өлкетану музейінің ашылуы. Музей қорында 3000-ға жуық жәдігер бар. Музейдің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің  орынбасары  Бибігүл Қонысбаева  қатысты.

Мейрам күні Жаңақала жұртшылығын аудан басшысы Наурызбай Қарағойшин құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале