25.04.2025, 18:00
Оқылды: 143

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы инклюзивті эко-жобаны жүзеге асыруда

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік гранты аясында Қостанай қаласының тұрғыны Ольга Соловьёва «Растём вместе» атты бірегей білім беру жобасын жузеге асыруда", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

4c8a157a5f80d10c6e9eb6e348497dfa_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бұл жоба — мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған инклюзивті эко-жылыжай. Мұнда балалар көкөністер мен гүлдерді өсіруді үйреніп, табиғи кезеңдерді бақылайды. Осылайша қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, оны қорғау секілді көзқарас қалыптастырады.

Жоба тек бау-бақша шаруашылығын үйретіп қана қоймай, сондай-ақ эмоциялық интеллектіні, экологиялық сананы, жауапкершілік пен топтық жұмысты дамытуға бағытталған.

Ольга Соловьева - «Волонтерлік» бағыты бойынша 2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауының жеңімпаздарының бірі. Мемлекеттік қолдау мөлшері 3 млн теңгені құрады. Қазір жобаның авторы өз идеясын іске асырудың бастапқы кезеңінде.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале