29.10.2020, 15:40
Оқылды: 54

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандарға амнистия жүргізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау мәселесін көтерді.

DE5C63CE-6EFA-4F83-9434-846ABBE3825F

Алқа мәжілісінде Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елордалық полиция департаментіне жаңа ғимарат салу мәселесін тапсырды. Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. Президент тәртіп сақшыларына баспана жалдауға өтемақы ретінде 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетінін жеткізді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале