12.11.2024, 11:59
Оқылды: 70

«Таза Қазақстан»: БҚО-да 59 мыңнан астам көшет отырғызылды

Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар алаңында мәлімдеді.

IMG-20240501-WA0038-e1714560583450

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметінен

- Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 59 мыңнан астам көшеттер отырғызылды.

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар шара жүзеге асырылып жатыр.

Сәуір айынан бері тазалық акциясына бүгінгі күні облыс бойынша 172 мыңнан астам тұрғын, 4 мыңнан астам мекеме мен кәсіпорын қатысты. 77 мыңнан астам аула, 2 508 көпқабатты тұрғын үй, 74 мың жеке тұрғын үй, 300-ге жуық саябақ жиналды. Облыста 59 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды, 1221 әлеуметтік нысанға, бір мыңнан астам (1021) тарихи-мәдени ескерткішке тазалық жүргізілді, - деді әкім.

Экологиялық акция аясындағы жұмыс жалғасып жатыр.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале