Орал қаласының №47 жалпы білім беретін мектебінде контейнерлерге тұқым себуге арналған экологиялық сынып сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында Боз арша мен Арша тұқымын егу жұмыстарын жүргізді. Олар көктемде өскіндерді мектеп ауласының топырағына трансплантациялау үшін оларды шыныаяқтарға отырғызды. Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері балаларға өз кеңестерін берді.
Биология сабағы барысында оқушылар аршатұқымдастарын контейнерлерге отырғызды. Әр қатысушыға беспластикалық шыныаяқпен қолғап жиынтығы берілді. Акцияға қатысқан оқушылар ағаш өсіру ережелері туралы білмегендіктен оларға орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері кеңес берді.
Шараға Орал қалалық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі басшысының көмекшісі Темірлан Темірғалиев қатысты:
Жалпы облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы арнайы 5 кезең «Жасыл аймақ», «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» бойынша жүзеге асырып келеді. Экологиялық акцияға еріктілер, ЖОО және АОО студенттері, белсенді жастар, қала тұрғындары қатысып, жалпы 7500-нан астам адам қамтылды.
«Біз таза ел үшін» атты қоқыс жинау эстафетасы өткізіліп. Акцияға 200-ге жуық адам қатысып, 6 командаға бөлініп, қаламызды 3 тонна қоқыстан тазалады.
БҚО әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
«Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі