Құрметті қала тұрғындары, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және волонтерлар!
БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Орал қаласының әкімдігімен бірлесіп, 2021 жылдың 26 маусымында облыс бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында «Таза орман» – «Чистый лес» акциясын өткізуді жоспарлауда.
Акция аясында елді мекендерге жақын орналасқан орман алқаптарын, орман жолақтарын тазарту жоспарланып отыр.
Орал қаласының маңындағы орманды алқаптарды тазарту төмендегі учаскелерде жүргізіледі:
Бұл іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады, тазарту қатаң түрде 3 адамнан тұратын топтарда жасалады.
Облыстың тұрғындарын «Таза орман» – «Чистый лес» облыстық акцияға қатысуға шақырамыз.
Қатысуға және қосымша ақпарат алу үшін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Сарайшық көшесі, 47 үй, 3-қабат мекенжайы бойынша немесе 8 (7112) 24-09-55, 24-05-76 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.
Сурет rancholaorguidea.com сайтынан алынды