21.02.2025, 18:00
Оқылды: 154

«Таза туризм» пилоттық бағдарламасы еліміздің ұлттық парктерінің аумағында енгізіледі

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шарбиев атап өткендей, соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристер саны артқан, 2019 жылы 1,3 млн болса, 2024 жылы 2,8 млн-ға жеткен. Ұлттық парктерде 121 туристік маршрут және 35 соқпақ бар, оларды жайластыру және жаңаларын құру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Былтыр «Жасыл Даму» АҚ-мен бірлесіп «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктері жанынан «таза туризм» пилоттық бағдарламасы қолға алынды.

f7151b24-a442-4895-ba7d-f1e30657fcdc«2025 жылы аталған пилоттық жобаны Іле-Алатау, «Алтын-Емел», Қарқаралы, Сайрам-Өгем, «Көкшетау», Баянауыл, Бурабай сияқты басқа да ұлттық парктерге масштабтау жоспарланып отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

@ortcom_kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале